«Қытайдың интернет-гиганты «Alibaba» компаниясы жылдам жазу мүмкіндігіне ие роботты құрастырды және ол «Turing» сынағынан өтуге қабілетті болып шықты. Яғни, пайдаланушылар робот жазған мәтінді адам жазған мәтіндерден айыра алмайды. «Алимама» деп аталатын роботты Alibaba компаниясының сандық маркетинг бөлімшесі құрастырған. Әзірге робот қытай тілінде жаза алады.
Шығармашылық тұрғыда ойлай алатын құлтемірден адамдардың мінез-құлқын тануға болады. Мұны утопия деуге болмас. Өйткені бұған дейін Швейцарияның арт-компаниясы интернет-биржаларда жұмыс істеуге қабілетті роботтар жасап шығарған болатын. Ол аптасына 100 долларға тауарларды сатып алуға қабілетті еді. Жалпы, робот технологиясы әлем бойынша Жапонияда қарыштап дамып, қонақ үйдегі сервистік қызметтерге, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен екінші деңгейдегі банктерде және ауыл шаруашылығы саласында қолданыла бастады. Жұмыс істеуге қабілетті роботтар құрастырылып, тесттен сәтті өтті. Мұндай роботтар бүгінде адамдарды еңбек нарығынан ығыстырып, нәтижелі еңбек етуде.