Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Кондоминиум құқығы

Кондоминиум құқығы

Кондоминиум дегеніміз – үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны. Тұрғын үйге кондоминиум құқығын тіркеу үшін «Еgov.kz» сайты  арқылы порталға кіріп, іздеу жолы мынадай:  «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу» қызметін табу, қызметке онлайн тапсырыс беріп, өтініш беру. Тұрғын үй туралы мәліметтерді толтыру. Ал, тіркелудің екінші қадамында порталдағы жер учаскесі туралы мәліметтерді көрсетіңіз. Қызмет үшін электронды шлюз арқылы төлем жасау, өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Өтініш электронды түрде тапсырылғанда сізге жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаты мен жер учаскесі актісінің сканер көшірмелері, қызмет ақысын банк арқылы төлеген болсаңыз, түбіртек сканкөшірмесін жүктейсіз.

ХҚО арқылы тіркелу үшін кез келген орталыққа алдын ала кезек брондаңыз. Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минут ерте келіп, броныңызды растаңыз. Операторға қызмет ақысының төленгені туралы түбіртекті көрсетіп, тұрғын үйдің екі тұрғынынан өтініш қалдыру жеткілікті. Ескерте кетер жайт, өтініш берушілердің немесе олардың заңды өкілінің жеке басын куәландыратын және өкілеттілігі туралы құжаттары мәліметтерді сәйкестендіру үшін ғана қажет. Сондай-ақ өтініш беруші тұрғындар меншік иелігі туралы ақпаратты да растауы керек. Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда үш жұмыс күні болып табылса, қызмет құны 2404,98 теңге.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика