Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Сиырдың адамға пайдасы көп

Сиырдың адамға пайдасы көп

Қазақша жыл санағы бойынша тышқаннан кейін, барыстан бұрын келетін  мүшел есебінің екінші жылы сиырға телінген. Бұл Орталық Азия  халықтарының (қазақ, қырғыз, қарақалпақ, түрікмен, т.б.) көпшілігінің күнтізбелерінде қолданылып, 12 жылда бір қайталанып отыратын жыл иесі.

Сиырдың жалпы сипаты, оның қандай жануар екендігі туралы деректер көп. Солардың ішінде алаш арысы Ахмет Байтұрсыновтан жеткен тарихи жазбаға зер салсақ, ағартушы ғалым: «Сиыр да жер жүзіне жайылған хайуандардың бірі. Сиырды адам қай уақытта қолға үйреткені белгісіз, мұнан 6 мың жыл бұрын Қытайда Құңси деген патша болған. Сол патшаның заманында Қытай жұртының малданғаны сиыр екені белгілі. Бұрынғы Мысыр жұртының да байлығы сиыр болғаны мағлұм. Грек, рум сияқты көне халықтарда сиыр малданғаны туралы мағлұматтар көп. Қалайда, сиырды малдану ерте заманнан басталса керек. Сиырдың адамға пайдасы көп. Еркегі көлік, ұрғашысы сауын. Өгіздің күші көп, бірақ жүрісі шабан. Сондықтан жүк тасуға, жер жыртуға салынады. Сиырдың сүтінен қатық істеледі, ірімшік, құрт, сүзбе жасалады, май алынады, сүттей де ішіледі. Еті дәмді, бойға сіңімді болады. Терісі жылқы терісінен қалың, бұлдырақ болады. Өгіз терісінен былғары, ұлтан және қалың қайыстар істеледі. Мүйізінен тарақ, түйме сияқты нәрселер жасалады. Тұяғынан желім қайнатылады. Сүйегі қант зауыттарында ұсталады. Тезегі отқа жағылады.

Сиырдың да толып жатқан тұқымдары бар. Олардың біреулері сүтке жақсы, біреулері етке жақсы, біреулері жұмысқа мықты болса, соғұрлым жақсы болмақ. Бірақ үш жағы бірдей толық болып, бір тұқымнан табыла қоймайды және бір тұқымды қай жерде де болса ұстауға болмайды. Сондықтан жер жағдайына қарай түрлі тұқымдары ұсталады, бірақ қай жерде де болса қолдан келгенінше жақсы тұқымын ұстауға тырысады. Біздің қазақы сиырдың тұқымы етке, жұмысқа тәуір, бірақ сүтке жоқ. Қалмақы сиыр тұқымы да сондай. Сүтке жақсы тұқымдар: мөшке, қалмагер, великорос сиырлары. Жұмысқа жақсы Гетманский деген көк сиырлардың тұқымы. Етке жақсы шотгурын, деуін, шеркаский деген сиырлардың тұқымы. Сиыр хайуандар арасында күйсейтін айыр тұяқ табына жатады. Сиырға жақын аталас хайуандар Үндістандағы зебу деген өркешті өгіз және зубр, буйбұл деген адамға үйір болмаған тағы өгіздер» деп жан-жақты толық мағлұмат береді.

Жалпы, ұлтымызда халықтық жыл санауға байланысты алғашқы деректерді сонау VІІІ ғасырдағы Күлтегін ескерткіштерінен һ2м ХІ ғасыр ғұламасы Махмұт Қашқари еңбектерінен көруге болады. Демек, жыл санау тарихының тамыры тым 2ріде жатыр. Қазақша жыл қайыруға шебер болған ата-бабаларымыз 2р жыл иесінің мінез-құлқына қарай жыл он екі айдың қалай өтетіні, шаруаға жайлы-жайсыздығын да болжай білген. Соған с2йкес сиыр жылы халық есінде көбінесе ауыртпалық, дау-жанжал, қиындықтарымен есте қалған. Ырымшыл халқымыз бұл жылы с2тсіздік бола қалса, «биыл ауыр жыл ғой» дей салған. Сиыр жылы туған адамдар халық 2деті мен ырымдары негізінде сиыр бауыздамайды. Ал, сиыр жылында туғандардың негізгі стихиясы, яғни табиғи белгісі – су. Бұл жылы өмірге келгендер тұрақты, сабырлы, көшбасшылық қабілетке ие, еңбекқор болып келеді. Жаман қасиеті: талапшыл, қатал, қырсық, ашуланшақ.

Осыдан 5 ғасыр бұрын жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының  «Шипагерлік баян» кітабында да адам мінезі мүшел жыл белгілерінің ерекшеліктеріне қарай 2ртүрлі сипатталған. Бабамыздың «мүшел жыл белгілерінің мінездемелік ерекшеліктері туралы» жазғандарынан сиыр туралы үзінді беруді жөн көрдік. Сиырды маңғаз деп атаған емші «Мүшелдік тектелгі саналғы бұл жылдағылар сусағыш, тамақсау, өзара шығысымы үй ішіндік болсада қағыспалы, бірақ зілсіз, кексіз, харакеті бір тоға, көмпіс, оңайлықша сөз өтпейтін, қамшы жүргізіп, таяқ шектейтін, тілге азбайтын, иісалмас болғанымен, жау тискенде айғай-аттанын естісе не қан көрсе болғаны намысы қозғыш, өлген-тірілгеніне, алды-артына қарамайтын, бір қалмай атқа қонатын, сонымен қоса бірауызды, қаратұяғынан хал кеткенше айқасатын, қауқарлы-қауқарсыздығына қарамайтын 2рі өздерін ж2не жастарын аялауға құштарлығы басым, не жеңіп, не өліп тынатын, досқа адал, ақ пейіл, достары мен туған жерінен 2сте айырылғысы келмейтін, тек өлім ғана айыратын, ер көңілді желіп етпес сабаздар молаң болмақ» деп сипаттапты.

Сиыр жылын 2детте халқымыз ауыр өтеді деп болжағанмен, ешқашан жақсылықтан күдер үзбеген елміз. Ендеше, бұлт артынан күн шығады демекші, биылғы пандемиядан шаршаған ел келесі жылы індеттен құтылып, жаймашуақ күн кешіп, көп жақсылықтарға кенелсін деп тілейміз!

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика