Ұлттық қолөнер – бабалардан қалған асыл мұра

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мұрасының рухани да материалдық қазынасының қомақты бөлігі ұлттық қолөнер болып табылады. Осы тұрғыда ұлттық қолөнерді жас ұрпақ арасында дәріптеу өте қажет екені анық. Халық қолөнерінің түп тамыры оның өмір сүру салтымен, шаруашылық дәстүрімен тығыз байланысты. Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық  қолөнер бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Ол жаңа заман талаптарымен үндесе тарап, ақыл-ойды асқарға, қиялды қиялға жетелейтін киелі мұра. Әрбір азаматтың өзінің еңбек ету құқығын іске асыруға және лайықты төлем алуға мүмкіндігі болуы тиіс.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Мақтаарал ауданының Алғабас ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері кездесу ұйымдастырып, жастар ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ауылымыздың беделді қолөнер шебері Қатира Айтжанова анамызбен жүздесті. Жиын барысында Қатира апайымыз өзінің бұл өнерге қалай қадам басқанын қызықты етіп айтып берді.

Қ.Айтжанова пандемия кезінде бетперде тігіп, оны ауылымызға тегін таратты. Мектеп табалдырығындағы өнерпаз биші қыздарымызға ұлттық көйлектерін өз қолымен тігіп, әшекейлендіріп берді. Немересі Дамира да әжесінен көргенін үйреніп келеді. Жаңа жыл кешінде Дамира қызымыз ұлттық қолөнерді дәріптеу мақсатында облыс әкімі тарапынан қазақтың ою-өрнек кітабы, компьютер және арнайы дипломмен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған