Deprecated: strpos(): Passing null to parameter #1 ($haystack) of type string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 7053

Deprecated: str_replace(): Passing null to parameter #3 ($subject) of type array|string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 2165
Отан қорғаушылардың анасын құттықтады – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

Отан қорғаушылардың анасын құттықтады

Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің ұжымы әскери қызметшілердің аналарын құттықтады. «Біз ең жарқын мерекелердің бірі – Халықаралық әйелдер күнін ерекше жылылықпен атап өтеміз. Отанға деген сүйіспеншілік анаға, отбасы ошағына деген сүйіспеншіліктен басталады. Отбасыда алған тәрбие – бүкіл халқымыздың гүлденген және табысты болашағының кепілі», – дейді қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, подполковник Ринат Мадияров.

Өз өмірін отан қорғау жолымен байланыстырған әскери қызметшілердің аналары үшін бұл ерекше мақтаныш болды. Қолына алғыс хат ұстап, осындай сезімге бөленген жас офицердің анасы Гүлзада Жарымбетова: «Мен ұлымның әскери қызметші екенін мақтан тұтамын. Әскер басшыларының қатардағы қызметкерлері мен олардың отбасына көрсеткен қамқорлығы, сыйлаған шаттығы үшін үлкен рахмет. Тек әскери адамдар ғана емес, оларды өсіріп, тәрбиелеген біздерді бағалағаны мен үшін өте қуанышты», – деген тілегін жеткізді.

Шымкент гарнизоны баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде әскерилердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет мамандары моральдық-психологиялық жай-күйді және ықтимал проблемалық мәселелерді зерделей отырып, олардың туыстарымен тұрақты байланыста. Сондай-ақ, жас және көп балалы отбасылармен жеке жұмыс жүргізілуде.

 

 

                       

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған