Deprecated: strpos(): Passing null to parameter #1 ($haystack) of type string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 7053

Deprecated: str_replace(): Passing null to parameter #3 ($subject) of type array|string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 2165
Жусаннан косметика жасаған – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

Жусаннан косметика жасаған

Шымкенттік кәсіпкердің табиғи өнімі сұранысқа ие

Еліміз Тәуелсіздік алған отыз жылда кәсіпкерлікпен айналысамын деушілерге барынша қолдау көрсетіліп, көптеген мүмкіндіктер ашылды. Ілгері ізденіс пен талмай еңбек етудің нәтижесінде өнім шығарып, оны нарықтық экономика айналысына енгізіп үлгерген ғалымдарымыз да жоқ емес. Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алады. Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек. Бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқару керек. Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс», – деген болатын. Осы тапсырма аясында мемлекеттік грант ұтып алып, кәсібінің өрісін кеңейткен жандардың бірі «Айсәуле» отандық табиғи косметика өнімдерінің авторы Сәуле Мұсаева.

Сәуле ханымның косметика жасаумен айналысуына жасы ұл­ғайған сайын бет күтімінің маза­лауы себеп болыпты. Әрбір әйелдің жасы 40-қа жақын­дағанда бет күтіміне ерек­­ше және үнемі көңіл бөлмесе сұлулығын сақтап қа­луы неғайбыл. Ал, шетелден ке­летін косметикалар сақталу мер­­зімін ұлғайту үшін құрамына химиялық заттарды молынан қосады. Химия саласы­ның ма­маны кез келген космети­каны қолданғанда оның құра­мына, жасалу жолдарына ерекше на­зар аудара келіп, ойланады. Косметикаға пайдаланылатын минералды заттар, табиғи шөп өзіміздің өлкеде де мол. Тек аталған ғылымды зерттеп, табиғи жолмен таза косметика өндіру ғана жолға қойылмаған. Осылайша «Айсәуле» табиғи косметика өнімдерін шығаратын үлкен жоба өмірге келеді.

«Биз­нес­тің жол картасы – 2020» бағ­дарламасы аясында иннова­ция­­лық жобаны жүзеге асыру үшін мемлекеттен қайтарымсыз 3 миллион теңге грант ұтып алғанмын. Сіңлімнің құрбысы дәл сол кезде Шымкенттен жаңа­дан монша ашып, маған косметикалық кабинет жасақтап берді. Күнделікті 2 сағатқа ба­рып, қыз-келіншектердің бет­іне өнімімді жа­­ғып жүрдім. Бет терісіне кері әсер етуші  шөп, дәнді дақыл­дар­ды косметика құрамынан алып тас­тап отыр­дым. Кейін масканың дайын формуласы пайда болып, бір­тіндеп сұраныс көбейді, тіпті үл­гере алмай қалатын болдым», — дейді кәсіпкер. Ізденіс жолында Сәуле ханым ғылыми әде­биеттерді, шетел жаңа­лық­тарын ой елегінен өткізді. Оңтүстік өңірінің экологиялық таза аймақтарында өсетін дә­рілік шөптер мен дәнді дақыл­дардың ұнтағын ашыту арқылы бет­ке жағатын жаңа маска пай­да болады. Бұл өнімге иннова­циялық патент те алып алған. Бұл масканы әуелі өзі пайдаланып, қыз-келіншектердің де қызығушылығы артады. Сосын мас­ка­ны басқа адамдарға жағып, ғы­лыми тәжірибе жасап көреді.

Бет терісін жасартатын қа­сиеті бар отандық өнім бүгінде талай қыз-ке­лін­шектің тұрақты косметикалық өніміне айналған. «Айсәуле» отандық табиғи косметика өн­дірісін кеңейтіп, күндізгі-түнгі крем жиынтығын, шаш кү­тіміне арналған бальзам мен майлар, шампунь өндіруді де қолға алды. Одан соң бетті кос­метикадан тазартатын то­ник сынды тазартқыш сулар, сұлы­дан, сүттен және шөптердің құрамымен сабын дайындайды. Біртіндеп шөптердің емдік қа­сиетіне сүйеніп, шөпшай шығаруды да жүзеге асы­рады. Бүгінде өндірістен 17 түрлі өнім шығады. Беттегі безеу мен дақтарға қарсы күресетін Гидромакс және гидролак шырындарын өндіруді қолға алыпты.

Кәсіпкер келіншектің мемлекеттің кәсіпкерлерге қолдауы мен қайтарымсыз қаржы бөліп жатқан қамқорлығына алғысы мол. Бүгінде елімізге белгілі брендке айналған табиғи косметика өндірісі бұл жетістікке мемлекет қолдауы арқылы жеткенін айтады. Ту­ған сіңлісі Зәуре маркетолог саласын жетік меңгергенінің арқасында ойлаған жобалары сәтті жүзеге асты.

— Әрбір істі жоспарлау керек, сосын қорықпау керек. Армандай беріңіздер, бір күні ол мақсатқа айналады. Қазір бизнес бастағысы келетін адамдарға мүмкіндік көп. «Кәсіпкерлер палатасына», «Дамуға» барсын. Көмектеседі. Ізденісін тоқтатпай, жұмыс істесе болғаны. Осы уақытқа дейін тек ғылым жолында жүргендіктен курстарға қатысып, кәсіпкерлік туралы танымымды өзімнің кеңейтуіме тура келді, — дейді «Айсәуленің» авторы Сәуле ханым.

Тау мен дала шөптерін, арпа мен сұлыны, жусанды кәдеге жаратып, емдік косметика жасап жүрген шымкенттік биотехнологтың ісі көпке үлгі боларлықтай.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған