Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Вакцинаны кімдерге салдыруға болмайды?

Вакцинаны кімдерге салдыруға болмайды?

Мамандар бүгінгі жұқпалы індетті тоқтату – оған қарсы вакцина егу екенін насихаттауда. Дегенмен, халық арасында осы вакцинаға қатысты қаңқу сөздер көп. Дені оның адам ағзасына зиян екенін меңзейді. Осыған орай біз де жүрген жерімізде мамандардан вакцинаға қатысты сауалдарды алға тартамыз. Реті келгенде Мақтаарал ауданындағы Атакент ауруханасының білікті сараптамашы-аудит дәрігері Аязбай Егембердиевтен вакцинаны кімдерге салдыруға болмайтыны жайында сұрадық.

«Вакцина салдыруға болмайтын төрт санат бар, оларды әрбіріміздің білгеніміз маңызды, – деді Аязбай Бәкірұлы. – Аллергиясы барларға салдыруға болмайды дейді біреулер. Бұл дұрыс емес. Қазір екінің бірінде әртүрлі аллергия болуы мүмкін. Оның ішінде белгілі бір дәріге, вакцинаға, олардың құрамында болатын заттарға сезімталдығы жоғарылар болады. Мәселен, азаматтар арасында дәрі ексе сол сәтте есін жоғалтып, көгеріп кететіндер кездеседі. Міне, осындай науқастарға вакцина егуге болмайды.

Туберкулезге, тырысқаққа және басқа да ауруларға қарсы түрлі вакциналар салып жүрміз. Сондай екпе кездерінде жоғары реакция болып, ыстығы 40-тан көтеріліп, қалтырап-дірілдеп құлап жататындарға да вакцина егілмейді. Бұлардың санатына бала кезінде осындай жағдайға тап болғандар да кіреді.

Үшінші санаттағылар, яғни жұқпалы, жұқпалы емес аурулармен ауырып жүрген науқастарға вакцина салмау керек. Мәселен, адам тұмауратып, мұрнынан су ағып, дене қызуы көтеріліп жүруі мүмкін. Ондай кезде салынбайды. Бірақ бұл уақытша. Екі-үш апта өтіп, сырқатынан айыққанда вакцинаны сала беруге болады.

Жұқпалы емес аурумен, яғни бүйрек ауруы, ревматизм, инфарктпен ауырып жүргендерге де салуға болмайды. Дегенмен бүйрек, ревматизмнің созылмалы дертіне шалдыққандары болмаса, өзгелері ем алып болғаннан кейін вакцина қабылдауына болады. Сонымен қатар, емізулі баласы бар және жүкті әйелдерге вакцина салынбайды.

18 жасқа толмағандар вакцина садыруға болмайтын төртінші санатқа жатады. Ал, 65 жастан асқандардың барлығына өз келісімі бойынша сала беруге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, бауыры, бүйрегі ауыратын, қанда болатын ауруларға шалдыққандарға да екпе алуға болады.  Оларға дәрігердің кеңесінен кейін салу, салмау жөнінде шешім қабылданады.

Осы жерде түсіндіріп кеткен жөн, вирус – қан қуалап, ұрпаққа берілмейтіндіктен, ол қан қысымын көтеретін, қант диабеті, басқа да аурулар алып келмейді. Қорыта айтқанда, адамдар вакцина салдырудан емес, ауру жұқтырып, оны таратудан сақтанулары керек».

Ә.НАУАЙЫ.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика