Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Сайрамда медициналық маскалар шығаратын кәсіпорын бар

Сайрамда медициналық маскалар шығаратын кәсіпорын бар

 Сайрам ауданында айына 2 млн дана медициналық бетперде өндіруге қауқарлы кәсіпорын бар. «S MEDICAL» ЖШС директоры Мәжит Рахматуллаұлының айтуынша, құрылғылар мен шикізат түгел Қытайдан алынған. Аталған өндіріс орнына аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков барып, жаңа нысанның жұмысымен танысты.

– Бұл үлкен жоба аясында бір реттік медициналық-хирургиялық жабдықтарды өндіру жоспарланған. Алайда, кешегі коронавирус пандемиясының бірінші толқында қарапайым масканы табудың өзі қиынға соқты. Сондықтан ең әуелі маска шығаруды қолға алдық, – деді кәсіпкер М.Мәуленов.
  М.Мәуленовтың айтуынша, құрылғыларды іске қосу үшін Қытайдан мамандар келуі тиіс болған. Бірақ, карантин режимін байланысты бұл жұмыстар онлайн түрде жүргізіліп, жергілікті мамандар меңгере алған. Қазір зертханалық тексеруден оң қорытынды алған ұжым алғашқы өнімін лицензиялауда. Жоба құны 80,4 млн теңгені құрайды. 30 адамға жаңа жұмыс орны құрылып, қазіргі таңда тәулігіне 80 мың дана бетперде әзірленуде.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика