Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Сайрам ауданында қосымша 100 төсек-орындық инфекциялық стационар

Сайрам ауданында қосымша 100 төсек-орындық инфекциялық стационар

Коронавирус инфекциясымен күрес мақсатында  өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жүзеге асатын жобаның жер телімі бекітілген болатын.

Аталған ауданға сапары барысында облыс әкімі Сайрам аудандық орталық ауруханасының індеттің кезекті толқынына дайындық барысын бақылады. Медициналық мекеменің 7 бөлімшесінде күрделі жөндеу жүргізілген. Емдеу мекемесі 134 мыңнан астам халыққа қызмет көрсетеді. «Індеттің белең алу қаупі барын біле, әр адам жауапкершілігін түсінген дұрыс. Вирустың екінші толқынына төтеп беру үшін облыс аумағында жұмыстар күшейтілді. Медицина қызметкелері қорғаныш құралдарымен және залалсыздандыру заттары және дәрі-дәрмек қорымен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Ал аудандық ауруханаларда жүріп жатқан күрделі жөндеудің сапасы қатаң бақылауда болсын»,-деді облыс әкімі. Бүгінде ауруханада 40 орынға есептелген инфекциялық бөлім жасақталған. Сондай-ақ, COVID-19 диагностикалық медициналық құрал-жабдықтар толық жинақталған. Амбулаторлық-емханалық ұйымдарда 28 мобильді топ құрылып, 4500-ден астам науқасты емдеген. Емдеу мекемесі ӨЖЖ аппараттары және оттегі концентраторымен қамтамасыз етілген. Аймақ басшысы жұмыс сапары барысында Ақсукент ауылдық округіндегі медициналық маска шығаратын «S Medical» ЖШС жұмысымен танысты. Өндіріс орнында тәулігіне 80 мың, айына 2 млн дана медициналық маска шығарылуда.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика