Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Мұғалімдер 100 пайыз вакцина салдырды

Мұғалімдер 100 пайыз вакцина салдырды

Түркістан облысы Сайрам ауданының мектептері жаңа оқу жылына дайындалып жатыр.

Білім беру үрдісін дәстүрлі форматта жүргізу үшін санитарлық қауіпсіздік шараларын қолға алған.

Солардың негізгісі – жаппай вакциналау. Қазіргі уақытта мұғалімдердің барлығы екпе салдырған. Санитарлық талап бойынша енді бір партада бір оқушы отырады. Мұғалімдер қыркүйек айына қарай эпидемиологиялық жағдай жақсарып, оқушылармен қайта қауышатындарына сенімді.

– Қашықтықтан оқығанымыз кезінде оқушылар да, мұғалімдер де барлығы интернетке байланысты біраз қиындықтар туындаған. Оқушылардың білім сапасы төмендеп барды. Енді 2021-22 оқу жылында барлық оқушылар офлайн жүзінде мектепке дәстүрлі сбақ оқығанын қалаймыз. Мектептегі жалпы қызметкерлер саны 123 болса, оның ішінде 109 мұғалім вакцинациядан өткен. 19 мұғалім декреттік демалуына байланысты қазіргі кезде уақытша вакцина алған жоқ, – дейді мұғалім Шахноза Тохтаматова.

Бүгінде 19 мыңнан астам азамат коронавирустық инфекцияға қарсы екпенің екі компоненті алған. Бұл – аудан халқының жартысы. Бүгінде иммундау шарасына қатысуға ниет білдіргендердің саны артқан.

– Білім саласының қызметкерлері денсаулығына байланысты қарсы көрсетпелері бар, жүктілігіне байланысты, емізетін балалары барларды қоспағанда 100 процент вакцина салумен қамтылып отыр. Мысалы, бізге бекітілген аймақ бойынша 4,5 мың, – дейді Төлеген Құралбаев, Сайрам аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары.

Ауданда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау басталды. Құжаттар онлайн режимде тапсырылып жатыр. Ресми мәліметтерге сүйенсек, биыл 70 мыңнан астам ұл-қыз бірінші сынып табалдырығын аттайды.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика