Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Тозығы жеткен ауыз су жүйелері орташа жөндеуден өтті

Тозығы жеткен ауыз су жүйелері орташа жөндеуден өтті

Сайрам ауданының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл 4 елді мекеннің тозығы жеткен ауыз су жүйелері орташа жөндеуден өткізілген. Нәтижесінде ауданның 42 елді мекені 100% орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. Бүгінде аудандағы 12 елдімекенде табиғи газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталған.

Көгілдір отын берілген жағдайда 27 164 тұрғын табиғи газбен қамтылмақ. Ал қазіргі таңда 5 елді мекенге газ беру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, биыл автомобиль жолдарын дамытуға республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 45 жолға, яғни 89,9 шақырымға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселген. Бүгінгі таңда 45 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталған. Тағы облыстық маңызы бар «КХ-3- Көксәйек – Шаян – Аққала – Сарқырама» жолының 5 шақырымы жөндеуден өтіп, нысан 2021 жылға өтпелі болуда. Жыл қорытындысымен жалпы пайдаланымдағы жолдардың қанағатты жағдайдағы үлесін 52,7%-дан 59,4%-ға дейін арттыру көзделуде.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика