ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ 1 МЛН ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛДІ

      Сайрам ауданында қазіргі уақытта Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 3 ардагер тұрады. Жеңістің 76 жылдығын мерекелеуге байланысты олардың әрқайсысы 1 миллион теңгеден алды. Сондай-ақ Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 680 тұлғаға біржолғы материалдық төлем қарастырылған. Жалпы Сайрам ауданы бойынша 693 ардагерге Ұлы Жеңіс мерекесінің құрметіне бір реттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық бюджет есебінен 23890,0 млн теңге қаржы бөлінді.

    Төлемдер 6 мамырға дейін толық аяқталады. Оның ішінде:

– 3 Ұлы Отан Соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне 1 млн теңгеден

;

 

– 693 тыл еңбеккерлері мен қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне 30000 теңгеден;

– ҰОСҚ, ҰОСМ теңестірілген басқа санаттарға 100000 теңгеден белгіленді.

    Ардагерлердің бейнелерімен билбордтар орнату үшін фотосур

еттері мен толық мәліметтері облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына берілген. Сонымен қатар, Сайрам ауданында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, соғыс ардагерлерінің үйіне барып, құттықтау шаралары жүргізіледі. Ардагерлер ұйымдарының төрағаларымен бірлесіп өткізілетін шаралар барысында карантин талаптары қатаң сақталады. Онда облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің атынан ардагерлерге құттықтау тілегі жеткізіліп, сый-құрмет көрсетіледі. Аудан бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлері тұрғын үймен толық қамтамасыз етілген. Сауықтыру шараларын жүргізу мақсатында соғыс ардагерлеріне жасақталған әлеуметтік картаның нәтижесінде денсаулық сақтау саласы тарапынан 3 ардагердің үйіне барып, қажетті медициналық қызмет көрсетіліп, диспансерлік тексеруден өткізілді. Жыл сайын аға ұрпақ өкілдерін сауықтыру мақсатында 616 жекелеген санаттағы азаматтар демалып, емделеді («Ардагерлер үйінде» – 180, «Мейір» ардагерлер үйінде – 160 соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілгендер, зейнеткерлер ).  Бүгінгі таңда әлеуметтік қашықтықтың сақталуына байланысты 616 орынға ардагерлердің 50% -ы жайғастырылып, яғни 340 зейнеткерлер денсаулығын түзетуге мүмкіндік алуда. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына 3 АЕК мөлшерінде тыл еңбеккерлеріне 1 АЕК мөлшерінде басылымдарға тегін жазылу мүмкіндіктері қарастырылған.  Сайрам ауданы аумағында 12-обелиск, 1-мемориалдық тақта, 2-монументті ескерткіш, 2-Данқ аллеясы орнатылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған