Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында жүлделі қола медаль иегері атанған К.Тленшин атындағы №29 жалпы орта мектебінің оқушысы Мадиева Таңшолпанды қабылдады.
«Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі бағдарлама. Бағдарламаға қатысу арқылы жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.
Оқушыларды кешенді дамытуға бағытталған жобада өңіріміздің білімпаз жастары жоғары деңгейден көрінді. Жоғары нәтиже көрсетіп, мараппатталған 81 оқушының арасында Таңшолпан Мадиева да бар. Ол аудан әкімі орынбасарынан марапат алу мәртебесіне ие болды.