Ұлттық халық санағы маңызды шара

Сайрам ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында «2021 ҚР ұлттық халық санағы» бойынша брифинг өтті. Брифингке аудандағы санаққа жәрдемдесу комиссиясының мүшелері, аудандық мекеме қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
Биыл 1 ші қыркүйектен бастап елімізде жалпыұлттық халық санағы басталды. Халық санағын өткізу тәуелсіздік алғаннан бергі үшінші науқан. Биылғы халық санағының ерекшелігі цифрлық технологияларды қолдануға басымдық берілген.
Бұл жайында толыққанды ақпаратты бриффингте Сайрам аудандық Стастистика басқармасы басшысы Нұршайықова Бейсенкүл Елеубекқызы баяндады.
«2021 ҚР ұлттық халық санағының» екінші кезеңі, яғни ең негізгі кезеңін ұқыптылықпен, жауапкершілікпен өткізуді айтып өтті. 1-қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн санақ жүреді. Пандемияға байланысты аудан халқының онлайн санақтан өтуге көп мүмкіншілігі бар.
Нұсқаушы-бақылаушы мен интервьюерлерді оқыту жұмыстары 10 қыркүйек пен 20 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Айта кетейік, мамандардың айтуынша, халық санағына арналған sanaq.gov.kz сайты тәулік бойы жұмыс істейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған