Отбасы күні қарсаңында Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауылдық округінің тұрғындары, бір шаңырақ астында
56 жыл отандасқан Тұрғанбек пен Бахтыкүл Байтоқсановтарды Сайрам ауданы әкімінің алғыс хатымен құттықтап марапаттады. Тұрғанбек ақсақал мен асыл анамыз 2 ұл 1 қыз тәрбиелеп, бүгінде 9 немеренің ата-әжесі атанып отыр.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентi, Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Отбасы күні» қыркүйек айының екiншi жексенбiсi деп бекітіліп, жылда аталып келеді.
Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған. Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы – әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.
Сайрам ауданы бойынша 2021 жылдың 8 айында неке қиюды тіркеу бойынша 1355 өтініш қабылданған болса, бұл көрсеткіш 2020 жылмен
салыстырғанда біршама көбейген. 2020 жылы бұл көрсеткіш 1015 өтінішті құраған.

Биыл сегіз айда жалпы 5208 тууды тіркеу бойынша өтініш қабылданған болса, 2020 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 12,3 пайызға көбейген. 2020 жылы 4574 тууды тіркеу туралы өтініш қабылданған.