Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Бала бейуақытта көшеде қараусыз жүрмеуі керек

Бала бейуақытта көшеде қараусыз жүрмеуі керек

  Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында орналасқан №101 жалпы орта мектебінің мұғалімдері кезекті рейдке шықты. Бұған ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2021жылғы 27-тамыздағы #3-15-3/3405-И хатына сәйкес, балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, балалар еңбегін пайдалану сондай-ақ “Зорлық-зомбылық қарсы күресу” республикалық іс-шарасы негіз болып отыр.  “Түнгі қаладағы балалар” атты күндізгі және түнгі рейдтік іс- шараларынына мектептің жас мамандары Р.Сидиғалиев, М.Ирисбеков, С.Адилбеков, М.Сайдазимов және М.Убайдуллаевтар белсене қатысып мектеп аумағына жақын орналасқан мейрамханалар, кафе, тойханалар және балалар спорттық ойын-сауық орталықтарында рейдтік іс-шараларын өткізді.
Жеке мейрамхана, кафе, тойханалардың иелерімен кездесіп, “Бала еңбегін қанауға” жол бермеуге, оларға спирттық, алкаголдык, темекі, сигарет тауарларыны сатпауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға шақырды, және спорттық ойын-сауық кешендері иелеріне түнгі 22:00 ден кейін балаларды қабылдамауын ескертіп, түсндіру жұмыстарын жүргізді.
Одан басқа ата-аналарға балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға, қоғамдық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оқушылар арасында құқық бұзушылықты болдырмау және қашықтықтан оқыту кезінде балалардың смарт телефондарыны муқият тексеріп, тиым салынған сайттарға кіріп кетуден сақтауға кеңес берді. Сайрам ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі жедел әрекет ету қызметі мамандарының жұмыстары жолға қойылғанын айтып, олардын сенім телефондарын мәлімдеді.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика