Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Павлодар облысынан келген делегаттар Сайрам ауданы тұрғындарымен кездеседі

Павлодар облысынан келген делегаттар Сайрам ауданы тұрғындарымен кездеседі

Сайрам аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында да «Ашық есік күні» өтті. Оған аудандық мәслихаттың депутаттары мен орталық қызметкерлері қатысып, Солтүстік өңірлердегі бос жұмыс орындары мен мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ниет білдірушілермен ой бөлісті.
 «Ашық есік күнінде» Солтүстік өңірлерге көшуге ниетті азаматтарға көрсетілетін көмектің түрі түсіндірілді.  «Еңбек» бағдарламасы аясындағы жеңілдіктер жайлы тұрғындар ақпарат беру болды.
Айта кету керек, «Nur Otan» партиясының Түркістан облысындағы филиалдары мен жергілікті әкімдіктер қолға алған бұл игі шараның  арнайы кестесі бекітіліп, аудан, қалалардағы жұмыспен қамту орталықтарында тұрғындармен «Ашық есік күні» өткізіліп, сұрақтарына жауап беріліп жатыр.
Ал қыркүйектің 13-14 күндері Павлодар облысынан келген делегаттар Сайрам ауданындағы Ақсу, Қарамұрт, Қарабұлақ, Қайнарбұлақ ауылдарында болып, халықпен арнайы кездесетіндігін жеткізді. Орталық директоры Нұрлан Сарыбеков кез келген сұрақтар бойынша жұмыспен қамту орталығына хабарласып, барлық мәліметтерді алуға болатындығын атап өтті.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаевтың айтуынша, «Еңбек» бағдарламасының стратегиялық маңызы зор.
«Жуырда Президентіміз өз Жолдауында көші-қон мәселесіне де тоқталды. Солтүстікке көшкен тұрғындарға қолдауды күшейту, кәсіпкерлерге жер беру міндетін де жүктеді. Бұл ретте қабылдаушы облыстар мен Оңтүстік өңірдегі осы салаға жауапты басқармалары, бөлімдері, орталықтары жанашырлықпен жұмыс атқаруы тиіс. Біз партия тарапынан Түркістан облысындағы барлық филиалдарымыз үшін арнай ыкесте бекітіп, жоспар жасадық. Барлық аудан, қалада «Еңбек» бағдарламасы насихатталады. Ал жалпы тұрғындардың ұсыныс-тілектерін, осы саладағы мәселерді жинақтап, зерделеп, шешу жолдарын қарастырамыз», – дейді Б.Тәжібаев.
Жыл басынан бері Түркістан облысынан Солтүстік өңірлерге 300-ден астам отбасы қоныс аударды. Олар жоспарға сәйкес, 204 мың теңге көлеміндегі субсидиямен және пәтерақымен қамтылған.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика