Сайрам ауданында мектептер қысқа дайын

Түркістан облысы Сайрам ауданында жалпы 88 білім беру мекемесі жұмыс істейді. Оның ішінде, көмірмен жылытылатыны – 40, сұйық отынмен – 3 және 45 білім беру мекемелері табиғи газбен жылытылады. Жаңа оқу жылында жылыту маусымына білім беру және жергілікті бюджеттік мекемелеріне 8 891,5 тонна қатты және 1 159 495 тонна сұйық отын қаралған.
Білім беру мекемелерін көмірмен қамтамасыз ету бойынша “РеалТранс” ЖШС анықталып, әр тоннасын 11 611,2 теңгеден жеткізіп беруде. Бүгінгі таңда, 8 539,5 тонна көмір жеткізіліп, қажеттілік 100 пайыз орындалған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған