Сайрам ауданындағы төрт бірдей ауылдық округ аумағындағы елді мекенер қыркүйектің 11-і күні кешке қарай жарықсыз қалды. Бұл жайлы хабар алысымен сала мамандары зерделеу жұмыстарын шұғыл жүргізіп, Шымкент қаласынан келетін жоғарғы кернеулі 110 кВт электр желісінде ақау орын алғанын анықтады. Осылайша Қарамұрт, Көлкент, Қарабұлақ, Ақсукент ауылдарының тұрғындары не себепті жарықсыз қалғаны белгілі болды.
Мәселе, жарықта ғана емес. Электр энергиясы болмаса аталмыш ауылдарға ауыз суда берілмей қалады. Себебі, жарығы сөнген округтердің ауыз су сорғылары светпен істейді. Бұл тұрғындарға әжептеуір қолайсыздық тудыратыны рас. Осыны түсінген сала мамандары іске дереу кірісті. Ақаулы тұсты жөндеп, тұрғындардың сапалы жарық тұтынуын қамтамасыз етті.
“Қазіргі уақытта ақау қалпына келтіріліп, электр жарығы берілді.
Орын алған жағдайдан зардап шеккендер жоқ, материалдық шығын келтірілмеген” деп хбарлайды аудан әкімінің баспсаөз қызметі.
Тұрғындардың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай тудыруға асығатын білікті мамандар көп бола берсін.
