ҚҰТАРЫСТА ЕЛ ҚУАНАТЫН ИГІ ІС КӨП

Сайрам ауданының басшысы Ұдасбек Сәдібековтың бастамасымен “Ауыл – ел тірегі” жобасы аясында  Құтарыс ауылдық округ бойынша алдағы он күн көлемінде іске асырылған тындырымды тірліктің жайын аудан әкімі орынбасары Мадияр Оразалиевке бөлім басшылары талдап, жіті баяндады. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Шамхат Розақұлұлы да қатысты.
Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму мониторингі жүргізіліп, тіркелмеген ұсақ, шағын кәсіпкерлік нысандарды анықтап, кірістер басқармасына Арзан-Маркет, Satti logistics атты ЖШС-тері тіркелді, бөлім басшы тарапынан ауыл тұрғындарына жеке қабылдау өткізіліп, көтерілген мәселелер бойынша заң талаптарына сәйкес түсініктемелер берілді. Құтарыс ауыл округінің сұранысы бойынша Қызылжар каналының 450 м қашықтығына механикалық тазалау жүргізіліп, Қызыларық каналының жоспарланған 6 шақырымның, 4,5 шақырымы бетондалып аяқталды. Елді мекендегі Әбубакіров көшесі және Қызылжар ауылындағы Б.Момышұлы көшелеріндегі тозығы жеткен электр трансформаторларын қоршауы ретке келтіріп, сырланды, сонымен қатар 5 дана тозығы жеткен электр бағаналары ауыстырылды. Қызылжар ауылына ауыз су сорғысын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Құтарыс ауылдық округінде өткен іс-шаралардың мерзімінде және сапалы орындалғанына тексеру барысында көз жеткіздік, – деді баяндамасында аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мади Нұрлыбаев.
Жиын соңында аудан басшылығы онкүндік барысында белсенділік танытқан тұрғындар мен қайырымдылық шараларына демеушілік көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді.
Айта кетейік, осы онкүндік аясында 35 азамат жеке қабылдауға келген. Ауыл тұрғындарының сауалдарын аудан әкімі, бөлім басшылары тыңдап, тиісті шешім шығарылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған