Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Ауылдар ажарланып келеді

Ауылдар ажарланып келеді

“Казойлсервис” ЖШС Сайрам ауданының Таскешу елді мекенін газбен қамту үшін қажетті жабдықтау желілерін жүргізуге ниеттеніп, мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз болды. Қазір жұмысын бастап кетті.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай  жобалық жұмыстың конкурстық құны – 208 871 000 тенгені құрайды. Келісім- шарт бойынша құрылыс жұмыстары жыл соңында, дәлірегі желтоқсанның 20-сына дейін аяқталуы керек. Мердігер мекеме қазан айының соңына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтап, нысанды тапсырамыз деп отыр.
Осы жұмыстардың нәтижесінде, бұйыртса, 315 тұрғын үйге табиғи газ қосылады.
Сонымен қатар, Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Қасымбек датқа елді мекені Жаңақұрылыс аумағында тұрғын үйлердің жүйесіз көп салынуынан елді мекенде ауыз су тапшылығы бар. Осы мәселені шешу үшін Сарманов көшесі бойында орналасқан ауданның коммуналдық меншігіндегі су мұнарасын іске қосу кезек күттірмейтін шаруа.
Қараусыз қалған мұнараны жөндеп, ретке келтіру мақсатында жергілікті бюджеттен 17,4 млн. теңге қарастырылды. Мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Биыл құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жыл соңына дейін су мұнарасын іске қосылмақ.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика