Түркістан облысы Мәдениет басқармасының бастамасымен Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен “Рухани керуен Түркістанда” облыстық акциясы бастауын алды. Керуен көшін киелі Сайрам ауданының мәдениет майталмандары, кітапхана қызметкерлері бастап, Түркістан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен шараларға ұйытқы болды.
Іс – шараға Түркістан қалалық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы Түркістан облысы мен қаласының құрметті азаматы – Құлбайымбетов Жарқынбек және Түркістан облысының ардагерлер кеңесінің төраға орынбасарсы Есалы Нұржанов қатысып игі бастамаға батасын беріп, сәттілік тіледі.
Үш бөлімнен тұратын іс шара фойедегі кітап көрмесінен басталды. “Төремұратов Түркістан төрінде” атты кездесу кешінің кейіпкері Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Төремұратов Нұрғиса Тұрдымұратұлының қаламынан туған туындылар көрмеге қойылған-ды. Сайрамдық ақынның жыр кеші тағылымды көмені жалғастырды.
“Рухани керуен Түркістанда”атты акцияның шарты бойынша Сайрам аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары мен оқырмандары “Біз болашақ кітаханашымыз!” библиокруизын ұсынды.
2021 жылы – балалар әдебиеті жылы аясында Сайрам аудандық орталық кітапханасы ” Ертегілер еліне ерітеміз ” таспа жинағын шығарған. Таспаның тұсауын Түркістан қалалық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы, Түркістан облысы мен қаласының құрметті азаматы Құлбайымбетов Жарқынбек және Қ.Р мәдениет қайраткері, Түркістан қаласы әйелдер алқасының төрайымы Мұстафава Ұлжан Әбенқызы кесті.
Шараны қорытындылаған Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханаларының директоры Сыдықова Дана Нұрмұғанбетқызы және облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының директор орынбасары Аманжолова Жанар Жақсылыққызы Рухани құндылығы терең акцияны бастап, ат терлетіп келген қонақтар мен оқырмандарға алғысын білдірді.
Тағылымды бас қосу Кітапхана гимнімен аяқталды.