Жігерлі жас депутат

Биыл елімізде өткен сайлау саясат сахнасына жас және жігерлі көшбасшыларды алып келді. Солардың бірі – праймеризде жеңіске жеткен Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Динара Егамбердиева.
Ол Ұлыбританиядағы Ноттингем университетін (University of Nottingham) «Болашақ» бағдарламасы бойынша бітірген. Экономика және қаржы магистрі.
Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы қарсаңында Динара Егамбердиева партияның кадрлық резервіне кіріп, Nur Otan-мен бірлесе қайырымдылықпен белсенді түрде айналысты.
Динара Егамбердиева – Түркістан облысындағы ең белсенді депутаттардың бірі. Қысқа уақыт ішінде ол көптеген қайырымдылық акцияларын өткізді. 2020 жылдың наурыз айында «Бақытты отбасы» партиялық жобасы мен «Қамқорлық» өңірлік бағдарламасы аясында 112 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Сонымен қатар ол Арыс қаласы мен Сарыағаш ауданының тұрғындарына азық-түлік түрінде жәрдем көрсетті.
Сайрам ауданында IteachMe жобасы арқылы ерекше қажеттілігі бар жастар арнайы білім алды. Сайрам ауданындағы «Бауыржан» балалар үйінің тәрбиеленушілерін демеушілік етіп, Түркістан қаласына саяхатқа жіберді. Пандемия кезінде Сайрам ауданының тұрғындарын 20 мың маскамен қамтамасыз етті. «Біз біргеміз» акциясы аясында өз қаражаты есебінен Сайрам аудандық ауруханасына жасанды тыныс алу аппараты мен 10 дана оттегі баллон сатып алды.
Сонымен бірге Динара депутат ретінде қоғамдық кеңестердің отырыстарында өзекті мәселерді үнемі көтеріп, депутаттық сауалдарын, ұсыныстарын жолдап отырады. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде азаматтарды тұрақты түрде қабылдайды, бұл ондаған тұрғындардың мәселелерін оң шешуге ықпал етуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған