Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Мұғалімнің мәртебесі биік болса қоғамның беделі жоғары

Мұғалімнің мәртебесі биік болса қоғамның беделі жоғары

Жыл сайын 100-ден астам мемлекетте 1994 жылдан бері қалыптасқан Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі.
Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлының қатысуымен адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім мекемелерінің басшыларымен салатанатты жиын жоғары деңгейде өтті. Аудан әкімінің құттықтау жылы лебізі мен марапаты педагогтеріміздің мәртебесін көтеріп, жұмысқа деген ынтасын арттырды.
Тәжірибесі озық ұстаздарымызды «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасы А.Әбдіқадыров және аудандық мәслихат хатшысы Ш.Халмурадов марапаттады.
Заманның талаптарын биік деңгейде атқарып жүрген әрбір мұғалім тек бүгіннің ғана емес, келешектің, болашақтың жемісін баптаушы.
Бар ғұмырын ізденіспен, еңбекпен, парасаттылықпен, Білім деген ұлы көшке жол салатын, шәкірт жүрегіне ой салатын, рухани байлықты дамытатын ұстаздар қауымының төл мерекесі құтты болсын!
Рухани өресі биік, ұлттық құндылықтарды ұлықтай білетін кеше мен бүгіннің, бүгін мен ертеңнің тұтқасы болар жас ұрпақты тәрбиелеу – ұстаздар еншісінде. Әрбір ғылым сырының негіздерін жалықпай үйреткен, білім шыңын бағындыруға жетелеген, шәкірт жүрегіне өз ізін қалдырған ұстаздардың ұлылығы да осында!
Бала бағбаны бола білген кәсіп иелерінің құзырлықтары артып, шәкірттері биік шыңдардан көрініп, еңбектері ақталып, ұстаздық жолда тек өрлеу мен өсуге бастасын, алар асулары көп болсын!

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика