Әрбір адам маңызды

2021 жылдың 1 қазанынан «Жалпы Ұлттық халық санағы» бойынша сұқбатшылар үйме-үй аралауға кіріскен. Бұл жұмысқа ауыл әкімшілігінің қызметкерлері, ауылдың көше комитеті төрағалары да атсалысуда. Нақтырақ айтқанда, олар тұрғындар арасында насихаттау, түсіндіру жұмыстарын қолға алған.
Аудан әкімі Уласбек Сәдібекұлы Қарабұлақ, Көлкент, Қайнарбұлақ ауылдық округтеріндегі «Жалпы Ұлттық халық санағы» қалай жүргізіліп жатқанын көрді.
Қарабұлақ ауылдық округін аралауға 2 өкіл, 9 интервьюрер және 60 сұхбатшы жұмылдырылған. Халық санағын насихаттау мақсатында 600 плакат ілініп, 4 дана баннер орнатылған. 4 бейнеролик дайындалған. Жалпы, ауылдық округі бойынша үйлерді аралауға дейін онлайн жүйеде 18570 адам. Офлайн негізде 15261 адам санақтан өткен.
Ал Қайнарбұлақ ауылдық округі бойынша жалпы 1 уәкіл,2 нұсқаушы, 13 сұхбатшы жұмыс жүргізуде. Әр нұсқаушыға 6-7 сұхбатшыдан бекітілген. Олар жұмыс бөлмесімен, қажетті жабдықтармен және байланыс құралдарымен қамтылыпты. Бүгінгі күнге дейін округ бойынша онлайн санақтан 4580 адам, яғни тұрғындардың 39,6 %-ы өткен.
Көлкент ауылдық округіндегі науқандық шараны көру барысында аудан әкіміне осыған дейін онлайн түрде 7542, ал офлайн негізде 5988 адам саналғаны айтылды. Ауылда
1 уәкіл, 3 нұсқаушы, 24 сұқбатшы бар. Олар 31,32 және 33 инструкторлық учаскелер бойынша жұмыс істейді. Ұласбек Сәдібекұлы Ұлттық санақтың маңыздылығы сол, науқандық кампания тыңғылықты, сапалы орындалуы керектігін нақтылады. Күнделікті жұмыста жіберілетін кемшіліктерді бұл істе жіберуге болмайтынын ескертті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған