“Ауыл – ел тірегі” онкүндігі жобасы аясында Сайрам ауданының әкімі Уласбек Сәдібекұлы Ақсукент ауылдық округіндегі №204 орам жаңақұрылыс аумағында демеушілер есебінен шағал тас төсеу жұмыстарын көрді. Бұл жұмыстарды ауылдық округі әкімі аппараты ұйымдастыруда. Нәтижесінде ұзындығы 1235 метр көшеге тас төселмек.

Сондай -ақ, Ақсукент ауылындағы Астана даңғылы мен Шаймерденов көшесінің бойы абаттандырылып, скважина орнатылуда. Жұмыстардың жобалық құны 35,9 млн теңге.
Аудан әкімі Д.Абдуллаев көшесі бойында орналасқан “Ақсукент газоблок зауыты” ЖШС-нің жұмысын да көрді. Жобалық құны 200,0 млн, нысанда қазіргі таңда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Толық іске қосылған жағдайда 30 адамды тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндігі бар.