Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Сайрам ауданы: МӘСЕЛЕНІҢ БАРЛЫҒЫ ӘКІМНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Сайрам ауданы: МӘСЕЛЕНІҢ БАРЛЫҒЫ ӘКІМНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Сайрам ауданының әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Ұласбек Сәдібекұлы «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауда болған аудан тұрғындары өздерін мазалаған мәселелерін жеткізіп, ұсыныстарын айтты. Сайрамдықтар жайылымдық жер, баспана, ағын су, мүгедектік статусын алу, ауылдық округтерге табиғи газ қосу және жол жөндеу мәселелерін арқалай келіпті.
Тұрғындар көтерген әр сауал бойынша сол мезетте тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар жүктелді. Қабылдауға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы, аудандық мәслихат хатшысы Шамхат Розақұлұлы, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Мұхтарұлы мен дербес бөлім басшылары қатысып, түйткілді тұстарды бірге талқылады.
Мәселелер бойынша заң аясында түсініктеме берілді. Әрбір мәселе соңына дейін бақыланатын болады.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика