Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Сайрам ауданында кәсіпкерлер қатары көбейген

Сайрам ауданында кәсіпкерлер қатары көбейген

Сайрам ауданының халқы еңбекқор. Мұнда дихангершілік қана емес, бұл күндері темірден түйін түйген шеберлер де көбейген. Аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлы кәсібін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкерлердің жұмысымен ұдайы етене танысып тұрады.
Солардың бірі Қарабұлақ ауылында тұратын еке кәсіпкер Ахмедов Мухамеджанның токарлық цехымен танысу ісі болды. Кәсіпкер өз ісін биыл бастаған. Әр түрлі темір материалдармен жұмыс істейтін шағын шеберханада ауылдың 4 азаматы тұрақты жұмыспен қамтылған, жалақылары уақытында беріледі.
Ал, жеке кәсіпкер Сайдахметов Неъматтың «Пеноблок» шығару цехында 5 адам жұмыс істейді. Цехта күніне 440 дана пеноблок шығарылады. Шағын кәсіпкерлікпен айналысушы азаматтар осылайша, мемлекеттен алған қаржысына ісін жүйелеп, өзгелердің де әлеуметтік мәселесін шешуге көмектесуде.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика