Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Сайрамдық шаруалар табысқа қол артуда

Сайрамдық шаруалар табысқа қол артуда

Сайрамдық «Бажар агро» шаруа қожалығы кәсіпті 2009 жылы 20 бас сауынды сиырдан бастаған. Қазіргі таңда 400 басқа жетті. Бүгінде француздық жоба негізінде “Фудмастер” компаниясымен ортақ шешімге келіп, 400 бас мүйізді сауын сиырына арналған заманауи қора салынуда. 2022 жылдың наурыз айына дейін іске қосылмақ. Бірлескен жоба нысанына қажетті сүт сауу аппараттары Италия елінен алынады. Ол үшін “Инпульс” компаниясымен келісім-шарт түзіліп қойған. Бүгінгі таңда шаруашылықты дамыту үшін Шығыс Қазақстан облысынан 160 бас сауынды сиыр, 58 бас асыл тұқымды сенментал тұқымының құнажындары әкелінді. Келешекті мал тұқымын асылдандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда 160 сауынды сиырдан 15-20 литрден сүт сауылуда, өнім бағасының литрі 160-180 теңгеден өткізілуде. Екі жылдық мал азығы артығымен дайындалған.
Аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлы Қарамұрт ауылдық округінде орналасқан ферма жұмысымен танысты. Және аудан экономикасына айтарлықтай үлес қоса бастаған «Хаят» шаруа қожалығының мал бордақылау орнына барды.
«Хаят» шаруа қожалығы 2014 жылдан мүйізді ірі қараны бордақылаумен айналысады. Жылына 240 тонна ет өндіреді. Сиымдылығы – 1000 бас қара мал. 2,0 га жерде орналасқан жшаруашылықтың жұмысын 6 адам иіріп отыр, олардың орташа жалақысы 140 000 теңге. Шаруашылықтағыларға уақытты бос өткізу деген таңсық нәрсе. Сондықтан, еңбек жемісті.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика