Бүгін – Қазақстанда Рухани келісім күні.
1992-ші жылы дәл осы күні Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1-ші сессиясы өткен болатын. Конгреске қатысушылар қазанның18-ін рухани келісім күні – қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Толеранттық-біздің жанымыздағы диалогқа дайындық. Біздің қалаларымыздағы мешіттердің, православие храмдарының, костельдің және синагоганың бір-бірімен қатар тұруы жеріміздің бейбітшілігі мен келісімінің айқын көрінісі» деп атап көрсетті. Сондықтан, дәстүрлі түрде 18 қазан – бірлік пен қайырымдылықтың, жақсылық пен гүлденудің мерекесі ретінде аталып келеді.
Осыған орай, бүгін аудан әкімдігінде аудан әкімінің діни конфессиялардың басшыларымен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты – діни конфессия басшыларымен пікір алмасу, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылау.
Мәжілісте Сайрам ауданының бас имамы Темірбеков Сейдахмет, «Шымкент епархиясының Ақсу ауылындағы «Всех скорбящих Радость Божией Матери иконы приходы» жергілікті православ діни бірлестігінің діни қызметшісі Мартынов Владимир сөз сөйледі.
Кездесу соңында конфессия басшыларына мерекеге орай алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.