Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Мəдениет жəне өнер » Қымызмұрындық – дәстүрді жаңғырту

Қымызмұрындық – дәстүрді жаңғырту

 ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Сайрам ауданындағы Ақбұлақ ауылында қасиетті бұлақтың басында аудандық Қоғамдық келісім мекемесі және аудандық мәслихаттың депутаттарының ұйытқы болуымен ұлттық дәстүр дәріптеліп, Қымызмұрындық шарасы өтті.
Күзгі қымызды бабаларымыз сірге қияр қымызы деп атаған. Басқосуда тарихтан сыр шертіліп, абыз данагөй ақсақалдар батасын беріп, жергілікті жердің тарихын әңгімеледі.
Ақ жаулықты аналар бие сауып, қымыз дайындаудың қыр-сырын дәріптеді.
Кезінде тек жастардың сауық-сайран құрып , көңіл көтеріп шомылу үшін келетін бұлақ маңы бұл күнде қоршалып, тал-ағаштар күтіліп, бұлақ қорғалып, жанына қазақи киіз үй орнатылып ,ауыл тұрғындарының ғана емес, аудан, қаладан келетін қонақтар үшін арнайы қасиетті орынға айналғаны баршамызды қуантуда. Тіпті бұлақтан аққан су бетіндегі қалқыған қаздар табиғат көркіне көрік, сәніне сән қосып тұрғандай. Табиғатын аялай білуге баулыған ауыл қарияларының батасы-жастарға үлгі, келер ұрпаққа аманат.
Дәстүріміз дәріптелген бұл күні ізет пен құрметтің, сыйластық пен татулықтың белгілері орын алып, ұрпақтар сабақтастығы жарасымды жалғасын таба бермек.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика