Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Басты жаңалықтар » Ұласбек Сәдібекұлы: «Ауылды өркендетудің басты факторы – агроөнеркәсіп кешені»

Ұласбек Сәдібекұлы: «Ауылды өркендетудің басты факторы – агроөнеркәсіп кешені»

Кез келген аудан, қаланың  экономикалық дамуын сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі. Бұл орайда Сайрам ауданы оң нәтижелерге қол артуда. Биыл соңғы 8 айдың қорытындысы бойынша алар болсақ,  өңірлік өнім көлемі 103,0 млрд теңгеге жетіп, өсім 3,2 млрд.теңгені құраған. Жалпы өнімнің ішінде 56,0%-ы ауылшаруашылығы саласына тиесілі болса, 23,0%-ы өнеркәсіп саласына, 18,0%-ы бөлшек саудаға, 4,0%-ы құрылыс саласының үлесінде.

Айта кету керек, әлемді жайлап, жұртшылықты әбігерге салған қауіпті індет COVID-19-дың елімізге дендеп енгеніне де бір жарым жылдан асып барады. Соның салдарынан біршама салада тоқырау, жұмыстың тоқтап қалуы бой алдырғаны рас. Десек те еңбекқор сайрамдықтар аудан әкімдігі тарапынан  індеттің алдын алу мақсатында атқарылған қажетті шаралардың нәтижесінде еңбек етуден аянып қалмаған. Нәтижесі де жаман емес.  Еліміздегі пандемиялық ахуалға қарамай, аудандағы әлеуметтік экономикалық жағдай тұрақты дамуда.

–Ауылды өркендетудің басты факторы – агроөнеркәсіп кешені ауданымызда жақсы дамыған. Өңірде өндірілетін өнімдер өзімізді ғана қамтып қоймай, өзге аймақтарға да жіберіледі. Карантин режимі болса да, шаруа тоқтаған жоқ. Биылғы жылдың 8 айында ауыл шаруашылығында 57,0 млрд.теңгеден астам өнім өндірілді, өткен жылға қарағанда 57,1 млн.теңгеге артық өнім алынды. Ауданымыздың үлесі облыс көлемінде 14,1%-ды құрап,  2 орынға тұрақтады,- дейді аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлы.

Ауданда жаңадан 101 га жерге тамшылатып суғару жүйесі ендіріліп, жалпы көлемі 601 га жеткен. Жылыжайлар 6,5 га жерге салынып, жалпы көлемі 51,6 га құрады. Қарқынды бау 20 га жерге егіліп, көлемі 500 га құрайды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жылына 2 өнім алу жобасы аясында бүгінгі таңға 262 шаруашылықта жалпы көлемі 274 га жерге егістік егіліп, жоспар 105% орындалған.

Ауданда барлық шаруашылықтарда мал басы көбейген, 8 айда ет өндірісі 10,2%-ға, сүт – 4,6%-ға, жұмыртқа – 5,8%-ға артқан.

Биылғы жылы бұл салада 9 жобаны іске асыру жоспарланған. Негізгілері жүзеге асып отыр. Олар:

– Көлкент а/о орналасқан “Food production LTD” ЖШС-і – қарқынды алма бау жобасын (29 га, құны-400 млн теңге) мамыр айында, Қайнарбұлақ а/о орналасқан “Нұр Агро” ЖШС-і – өндірістік жылыжайды  (құны-1 млрд теңге) қыркүйек айында іске қосты;

– Қайнарбұлақ ауыл округіндегі “Көмешбалық” серіктестігінің  балық шабағын өсіру жобасы (құны-50 млн теңге), Манкент ауылындағы “Туран Агро Ет-Сүт” кооперативінің сүтті қайта өңдеу цехы (құны-100 млн.теңге) қазан-қараша айларында іске қосылады. Нәтижесінде, 2021 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнім көлемін 100 млрд.теңгеге жеткізу межеленуде.

Суармалы егістік жерлерді ағын сумен қамтып, мол өнім алу мақсатында «Ақсу» МКК тарапынан бүгінгі күнге ұзындығы 70 шақырымдық каналдар мен арықтар тазаланды. Биылғы жылға бетондауды қажет ететін 2 канал (“Көтерме” каналы – Ақсукент а/о, “Қызыларық” каналы- Құтарыс а/о) мен “Жоғары Ақсу” су бөгетін (Манкент а/о) күрделі жөндеуге облыстық бюджеттен 440 млн-ға жуық теңге бөлінді, қазіргі таңда «Көтерме» каналының жөндеу жұмыстары аяқталды.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика