Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Басты жаңалықтар » Сайрам ауданында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 33 млрд.теңгеге жетпек

Сайрам ауданында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 33 млрд.теңгеге жетпек

Сайрам ауданының өндірістік күштерінің  даму деңгейіне шешуші әсер ететін өнеркәсіп саласында карантиндік режимге қарамастан, биыл 8 айда 23,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылға қарағанда 3,7 млрд. теңгеге артқан. Осылайша ауданның үлесі облыс көлемінде 5,7%-ды құрап, 3 орынға тұрақтады.

Аудан экономикасына жыл басынан 12,0 млрд.теңгеге инвестиция тартылса, оның 9,7 млрд.теңгесі  жеке кәсіпкерлер есебінен тартылған. «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына» құны 13,6 млрд.теңгелік барлығы 17 жоба енген, бүгінгі таңда 14 жоба бойынша 1,2 млрд.теңгенің өнімі өндірілген.

Биылғы жылы наурыз айында аудан орталығында орналасқан «AYKAN» ЖШС-гі құрғақ сүт пен құрғақ сары су жобасын іске қосты (құны-740  млн.теңге).

Ал аз күндерден соң  “Elit Stroy M&A” ЖШС-інің тауарлы бетон, асфальтбетонды қоспа шығаратын зауыты іске қосылмақ (құны-350,0 млн.теңге).

–Сонымен бірге картадан тыс Түркиялық инвесторлардың қатысуымен инновациялық өндіріс «CaPable Group мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «MADE IN KAZAKHSTAN» брендімен балалар мен ересектерге арналған «Жөргектер мен сулықтар» жобасы іске қосылады (құны-2 млрд.теңге, жұмыс орны-60). Нәтижесінде, 2021 жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 33,0 млрд.теңгеге жетіп, 169 жаңа жұмыс орындары ашылады,- дейді аудан әкімі Ұ.Сәдібекұлы.

Елбасы Н.Назарбаевтың  «Бес әлеуметтік бастамасында» төртінші міндет ретінде «Шағын кәсіпкерлікті қолдау» көрсетілгені белгілі. Осыған орай,  жеңілдетілген несие көлемінің ұлғайтылуы, жаңа бизнес идеяларды дамытуға мемлекеттік гранттардың ұсынылуы жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.

2021 жылдың 8 айында Сайрам ауданында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілердің саны 16 мыңға жуықтады. Салада 24 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, 70,3 млрд.теңгенің өнімі өндірілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қазіргі таңда ауданнан 2,2 млрд.теңгеге 29 жоба қаржыландырылып, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 46  кәсіпкер 1,1 млрд.теңге несие алды.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика