Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Жұмыссыздар саны азайған

Жұмыссыздар саны азайған

Сайрам ауданында әлеуметтік мәселелерді дер кезінде шешу күн тәртібінен түскен емес.

–Өткен жылы әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі басталып, 2021 жылдың 8 айында аз қамтамасыз етілген 3953 отбасына 627 млн.теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмек, 3606 балаға 120 млн.теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді, – дейді аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлы.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына биылғы жылы 1,3 млрд теңге қаралып, 8 айда бағдарламаға 5418 адам қатысты. Оның ішінде 190 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 531 адам жастар практикасына, 1225 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданса, мүмкіндігі шектеулі 111 азамат жұмыспен қамтылды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар бойынша                       450 азаматтың бизнес идеялары мақұлданып, 262,5 млн.теңге грант берілді.

Нәтижесінде, аудандағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 2 мың-ға өсіп, жұмыс іздеп келушілердің саны өткен жылға қарағанда 1091 адамға азайған.

Сайрам ауданында жол жөндеу мәселесі де жіті назарда. Аудан басшысының тапсырмасымен сала мамандары анықтау, сараптама жасау жұмыстарының нәтижесінде  қазіргі таңда аудандағы 1 276 шақырым автокөлік жолдардың 55,5%-ы қанағаттанарлық  жағдайда деп таңылған.  2021 жылға 623 млн.теңгеге 39 шақырым 36 көше орташа жөндеуден өткен.  390 млн.теңгеге аудандық маңызы бар 2 жолға күрделі жөндеу жасалуда.

Сонымен қатар, Төлеби ауданымен шектес облыстық маңызы бар «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізілуде (құны 845,0 млн.теңге), биыл толық пайдалануға беріледі.

Ал  Шымкент қаласымен Сайрам ауданын қосатын облыстық маңызы бар КХ-97 «Ақсу-Қабылсай-Қайтпас-қала қоқыс орны» жолын қайта құру жұмыстары жүргізілуде (құны 4,1 млрд теңге). Нысан  2022 жылға өтпелі.

Нәтижесінде жыл қорытындысымен жалпы пайдаланымдағы жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 60%-ға жетеді.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика