Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Басты жаңалықтар » Жыл соңына дейін Сайрам ауданында 42 елді мекеннің 31-і табиғи газбен қамыталды

Жыл соңына дейін Сайрам ауданында 42 елді мекеннің 31-і табиғи газбен қамыталды

Сайрам ауданындағы 42 елді мекен 100%  орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Алайда тәулік бойы ауыз су бере алмау мәселесі әлі де болса бар. Тұрғындардың өтінішін тыңдаған аудан әкімі тез арада бұл мәселенің шешілу жолдарын қарастыратын нақты жоспар түзілуін сала мамандарына жүктеген болатын. Нәтижесінде Нұржақорған, Қожақорған елді мекендерінің жер асты су қорына іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда жобалық құжаттаманы дайындау, аталған ауылдарға ауыз су тарту мәселелері қарастырылуда.

 

Сондай-ақ, биылғы  жылы тұрғын үй салынатын 184 га (Әйтеке би ауылы 162,0 га, Қожақорған елді мекені 22,0 га) жер телімдерін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысына 758 млн.теңге қаралып отыр.

Табиғи газбен аудандағы 42 елді мекеннің 26-сы қамтылған. Газбен қамтылмаған 9 елді мекенді (Құтарыс, Қызылжар, Таскешу, Ақсуабад, Тоған, Оймауыт пен Ақарыс, Сарыарық, Көлкент) газдандыруға бюджеттен 1,1 млрд.теңге бөлініп, құрылыстары басталды. Нысандар 2022-2023 жылдарға өтпелі болып отыр. Ал газ жүйелерінің құрылысы аяқталған 5 елді мекенді (Қасымбекдатқа, Әсіларық, Ошақты, Оразалиев, Теспе) табиғи газға қосу үшін «Интергаз Орталық Азия» АҚ Шымкент филиалымен 7,9 млн.теңгеге газ жүйелеріне техникалық қызмет көрсету үшін келісім-шарт түзіліп, аталған елді мекендерді газға қосу жұмыстары басталып кетті.

–Жыл соңына дейін ауданда 42 елді мекеннің 31-і табиғи газбен қамтылып, елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткіші  2021 жылы 74%-ға (2020 жылы – 61,9%) жеткізу көзделуде, 2025 жылға дейін аудандағы елді мекендер 100% табиғи газбен қамтылады, – дейді аудан әкімі Ұласбек Сәдібекұлы.

Инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы бойынша Сайрам ауданында  биылғы жылы бюджеттен 14 нысанға барлығы 2 млрд.теңге көлемінде қаржы бөлінді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 530 млн.теңгеге Қасымбек датқа ауылына 3 нысанға КТП орнату және электр желілерінің құрылысы жүруде.

Ауданда мұқтаж жандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалған емес. Аудандағы мемлекеттік тұрғын үй қорына баспанаға мұқтаж ретінде 2509 азамат тіркелген. Өткен жылы республикалық бюджеттен 249 млн.теңгеге сатып алынған 31 тұрғын үйлер баспанаға мұқтаж ретінде кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға берілді. Сонымен қатар, әлеуметтік сала қызметкерлерін тұрғын үймен қамту үшін аудандық бюджеттен 97 млн.теңгеге 2 қабатты 12 пәтерлі тұрғын үй сатып алынды. Жалпы,  ауданның  даму бағдарламасына сәйкес, 58 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу индикаторы жоспарланса, жыл басынан 55,0 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, жылдық жоспар 95,0%-ға орындалып отыр.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика