
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қазіргі таңда Сайрам ауданында 2,2 млрд.теңгеге 29 жоба қаржыландырылып, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 46 кәсіпкер 1,1 млрд.теңге несие алды, 340 азамат бастау бизнес жобасы арқылы кәсіпкерлік негіздері оқу курстарын аяқтады.
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл бөлініп, жеңілдетілген несие көлемінің ұлғайтылуы, сондай-ақ жаңа бизнес идеяларды дамытуға бағытталған мемлекеттік гранттардың ұсынылуы, әрі қарайда аудандағы жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.