Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Басты жаңалықтар » ӘЛЕУМЕТТІК КАРТАДАҒЫ ӨЗЕКТІ 25 МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПТЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КАРТАДАҒЫ ӨЗЕКТІ 25 МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында былтырғы жылы барлық елді мекендер бойынша өзекті мәселелерді қамтитын ауданның әлеуметтік картасы әзірленіп, онда жалпы аудан бойынша 122 өзекті мәселе қамтылды.
Оның ішінде бүгінгі таңда 25 мәселе шешілді. Қалған 97 мәселердің орындалуы тұрақты бақылауға алынған.
Шешімін тапқан мәселелер:
1) Ақбұлақ ауылының кіре берісіндегі Ақсу өзенінен өтетін көпір күрделі жөндеуден өткізілді.
2) Ақбұлақ ауылындағы Ә.Құрмантаев, Д. Қонаев көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатылды.
3) Ақбұлақ Д.Қонаев, А.Ташимов көшесінен өтетін ауыр жүк көліктерінің заң сәйкес жүрулеріне бақылау орнатылды.
4) Ақсуабад елді мекеніндегі жалпы көлемі 32 га жер теліміне инфрақұрылым жүргізу жұмыстары басталды.
5) Ақсуабад елді мекеніне табиғи газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.
6) Манкент елді мекеніндегі ауыз су мәселесі толық өз шешімін тапты.
7) Аққала елді мекеніне қосымша трансформатор орнатылып, ескірген электр бағаналары ауыстырылды.
8) Қарабұлақ ауылындағы «Катта көл» аумағын демеушілердің көмегімен механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
9) Қарабұлақ ауылындағы орталық Рүстемов көшесі кеңейтіліп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
10) Қарабұлақ ауылындағы Далабазар көшесінің бойындағы арықтар механикалық тазалаудан өтіп, 1,5 шақырымына лоток орнатылды.
11) Қарабұлақ ауылындағы Тәуелсіздік саябағы ретке келтірілді.
12) Қарамұрт, Ақбұлақ, Ақсукент елді мекендерінен өтетін Шаян-Көксәйек КХ-3 облыстық маңызы бар тас жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
13) Қарамұрт елді мекеніндегі ауылдық мәдениет үйінің шатыры ауыстырылды.
14) Ақсу өзенінің бойындағы қазба (карьер) жұмыстарына қатаң бақылау орнатылды.
15) Құтарыс елді мекеніндегі «Қызылсай» каналы күрделі жөндеуден өткізілуде, 2022 жылы пайдалануға беріледі.
16) Құтарыс, Оймауыт, Ақарыс елді мекендеріндегі каналдар механикалық тазалаудан өткізіліп, ағын су мәселесі толық шешілді.
17) Сиқым ауылындағы Дулатов көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізілді.
18) Әйтеке би елді мекеніндегі ауыз су құбырлары толық ауыстырылып, күрделі жөндеуден өткізілуде.
19) Әйтеке би елді мекеніндегі Жаңақұрылыс аумағы 36 га жер телімдеріне инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде.
20) Тоған елді мекеніне табиғи газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілді.
21) Құрлық елді мекеніндегі Қ.Жұмабаев көшесінен («Ақтай қажы» мешіті жанынан) «Батыс Европа-Батыс Қытай» автожолына тікелей шығатын жол салынды.
22) Сарыарық елді мекеніне табиғи газ құбырларын тарту жұмыстары басталды.
23) Қасымбек датқа елді мекенінен өтетін Шымкент-Шаян тас жолына көлік жылдамдығын бақылайтын «Сергек» бейнекамералар орнатылды.
24) Таскешу елді мекеніне табиғи газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде.
25) Әйтеке би елді мекеніндегі Жаңақұрылыс аумағы 76 га жер телімдеріне инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика