Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен мұғалімнің құзіреттілігін арттыру, ұстаздарымыздың мәртебесін көтеру, өзара іс тәжірибесімен алмасу, біліктілігін дамыту мақсатында облыстық мұғалімдер пән олимпиадасы өтті.
Іс-шара барысында Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Сұраншы батыр атындағы №97 жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Раушан Нұржанова жүлделі lI орын иеленсе, биология пәнінен Т.Рүстемов атындағы №12 мектеп- гимназиясының мұғалімі Шахло Эргешова жүлделі II орын иеленді. Ұстаздардың өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстары және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріне толымды табыс тілейміз.