Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Палау дайындаудан Сайрам ауданы озды

Палау дайындаудан Сайрам ауданы озды

Түркістан қаласындағы «Этноауыл» кешенінде «Сәлем саған, Түркістан!» мәдениет және өнер фестивалі аясында Түркістан облыстық «Жанубий Қозоғистон» газетінің 30 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті.
Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газетінің бас редакторы Абай Балажан және облыстық «Южный Казахстан» облыстық газетінің бас редакторы Марина Лимаренко, зиялы қауым мен қоғам қайраткерлері, депутаттар және БАҚ өкілдері қатысты.
Аталған жиында Сайрам ауданының М.Музрапов атындағы мектептің қол өнер
шеберлерінің туындыларынан қойылған көрмені, Қ. Жандарбеков атындағы мәдениет үйінің ұлттық аспап ансамблі мен өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.
Мерекелік жиында киіз үйдің жабдықталуы, ұлттық тағамдарды дайындау, ет асу және палау әзірлеу бойынша арнайы байқау ұйымдастырылды.
«Палау-fest» байқауы бойынша Республикаға танымал “Гунча” халықтық ансамблінің жетекшісі Мирхашимов Мирабдимажит 3 түрлі палау әзірледі. Жылқы етінен – Той палауы, зығыр май, бөдене еті мен жұмыртқасы қосылған – Самарқанд палауы және қойдың құйрық майын шыжғырып, қой етінен дайындалатын – Шайхана палауы әзірлеп, Берекелі Сайрам бірінші орынды иеленді.
Мерекелік дастархан мәзіріне ұлттық тағам – Бесбармақ қазақтың ұмытылып бара жатқан Үлпершек және Ұлтабар тағамдары ұсынылды.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика