Сайрам ауданындағы бір жарқын бастама ««Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанынан аудандағы қордаланған мәселелерді халықпен бірлесе отырып талқылап, оларды шешудің жаңа бағытын қалыптастыру мақсатында «Парасат» пікір талас клубы құрылған.

Аудандағы бір жарқын бастама ««Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы жанынан аудандағы қордаланған мәселелерді халықпен бірлесе отырып талқылап, оларды шешудің жаңа бағытын алыптастыру мақсатында «Парасат» пікір талас клубы құрылған. Клуб отырысы 4 рет өткізілді, аудан тұрғындарын сапалы ауыз су, табиғи газ, электр энергиясымен қамту, жер мәселесі, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау шаралары туралы, жастар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, әлімжеттік сияқты өзекті мәселелер талқыланып қана қоймай мәселелерді жіте зерделеп ол тұстарды жандандыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Келесі отырыста ең өзекті әрі маңызды тақырып Ұлтаралық қақтығыс мәселесі қойылды.
Сайрам ауданы айрандай ұйыған аудан. Біз қазіргі тыныштықты сақтап қалу үшін, жәй ғана әдемі сөзбен емес нақтыжұмыстар жүргізілуде.Қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру, этносаралық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында барлық ауылдық округтерінде жұмысшы топтардың құрамы нақтыланып, бекітілді. Жалпы топ мүшелерінің саны 177 азаматты құрайды.