Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Басты жаңалықтар » Ұ.СӘДІБЕКОВ: НӘТИЖЕЛІ ТІРЛІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІК

Ұ.СӘДІБЕКОВ: НӘТИЖЕЛІ ТІРЛІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІК

Ел Президенті Қ.К Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ауданымызда «Ауыл – ел тірегі» жобасы қолға алынды. Жобаның мақсаты – аудан аумағындағы әрбір елді мекеннің тыныс-тіршілігімен етене танысып, өзекті мәселелерді зерделеп, оның шешу жолдарын қарастыру және халықпен тікелей байланысты сабақтау, жалпы айтқанда ауылдықтардың ортақ мәселелерін шешіп, әлеуметтік, экономикалық маңызы басым тұстарды бірлесе қарастыру.
Онкүндік іс-шараларында өзім, менің орынбасарларым, дербес бөлім және мекеме басшылары ауыл тұрғындарымен кездесулер және жеке қабылдаулар өткіземіз.
Сол жеке қабылдауларда 452 ауыл тұрғыны ауылға ортақ және жеке мәселелерімен келген. Жоба аясында 582 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде ауыл көшелерін, аулаларды тазарту, әрілеу, каналдарды тазарту жұмыстары бар: 90 шақырым каналдар тазалаудан өткізілді, тозығы жеткен 133 электр бағаналары ауыстырылды, 36 трансформатор сырланып, қоршалды, 7 шақырымды құрайтын 11 көшеге демеушілер есебінен тас төселді, 62 дана жол белгілері орнатылды, 32 сенбілік өткізіліп, 4200-ге жуық шырша, жеміс, декоративті ағаштар егілді, 54 отбасына әлеуметтік көмектер көрсетілді.
Мысалы, Қарасу ауылындағы каналдарды тазалау нәтижесінде бірнеше мәселелер шешімін тапты. Егін шаруашылығымен күнелтіп отырған ауылдықтар үшін ең маңызды ағын су жәйі шешіліп, егістіктен мол өнім жинауға қол жеткізген отбасылар, шаруашылықтар қаншама?! Міне, бұл осы жобаның нәтижесі.
Бірлесе пішкен тонның келте болмай шығатынына дәлел тірлік болды, нәтижелі тірлікке қол жеткіздік деген сөз. Осындай мысалдар көп. Өте жақсы, ұтымды жоба болды.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика