Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Сайрам ауданы мал бордақылаудан облыста көш бастап тұр

Сайрам ауданы мал бордақылаудан облыста көш бастап тұр

Сайрам ауданы бойынш 2021 жылдың 9 айында ауыл шаруашылығында 82 млрд.теңгеге жуық өнім өндірілді, көктемгі егіс жұмыстарының өз мерзімінде жүргізілуі нәтижесінде, былтырғы жылға қарағанда 890 млн.теңгеге артық өнім алынды.
– Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2 өнім алу жобасы аясында бірінші айналымда 267 шаруашылықта жалпы көлемі 274 га-ға жуық жерге, екінші айналымда жалпы көлемі 260 га жерге егістік егілген, бүгінгі таңға 5 мың тоннаға жуық өнім алынды. 9 айда ет өндірісі 12%-ға, сүт – 5%-ға, жұмыртқа – 6%-ға артты.
– Жалпы ауданда жылдан-жылға мал бордақылау алаңдары артып келеді. Мәселен, қазірдің өзінде аудандағы 1012 мал бордақылау алаңдары бір мезетте 42 мың бас малды бордақылауға қауқарлы. Облыс бойынша 22 мың тонна ет экспортталған болса, оның ішінде Сайрам ауданының кәсіпкерлері алыс-жақын шетелдерге жалпы көлемі 9250 тонна ет экспорттаған, былтырғы жылға қарағанда 5 мың тоннаға артқан. Яғни, ауданымыз мал бордақылаудан облыс бойынша көш бастап тұр.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика