Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Құқық » ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ НАЗАРДА

ЖАСТАР ТӘРБИЕСІ НАЗАРДА

Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзкарас та күннен күнге өзгеру үстінде. Бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып, ақпарат тарату еркіндігі кең таралған. Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде. Осының салдарынан қазір колледждегі студенттердің шылым шегуі, ішімдік ішуі, есірткі қолдануы немесе әр түрлі ерсі іс-әрекетке баруы кездеседі. Ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпы ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке қойылған фильмдердің еркіндігіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз, ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек, адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу – тәрбие жұмысының негізгі мақсаты. Осыған байланысты студент жастар арасындағы «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Сайрам аудандық полиция басқармасының Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы полиция майоры, Сайипов Шермухаммед және полиция аға лейтенанты Тулепберген Айдос, Сайрам ауданы Ақсукент ауылдық округі әкімінің орынбасары Ажибеков Нұрсұлтан, Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы КММ» әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторының меңгерушісі-заңгер Медеуов Ғалым, «Жастар ресурстық орталығының» әдіскері Бекбосынов Рауан және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Кудайбергенов қатысты.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика