Бүгінде бірлігі мен тірлігі жарасқан, еңбекқор халқы бар көпұлтты Сайрам ауданында ішкі саяси жағдай тұрақты.
–«Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы жанынан аудандағы қордаланған мәселелерді халықпен бірлесе отырып талқылап, оларды шешудің жаңа бағытын қалыптастыру мақсатында «Парасат» пікір талас клубы құрылған. Клуб отырысы 4 рет өткізіліп, аудан тұрғындарын сапалы ауыз су, табиғи газ, электр энергиясымен қамту, жер мәселесі, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау шаралары туралы өзекті мәселелер талқыланды, – дейді аудан әкімі Ұ.Сәдібеков.
ҚР Президенті Қ.К Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Ауыл – ел тірегі» жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты – әрбір ауылдың тыныс-тіршілігімен жақын танысып, өзекті мәселелерді зерделеп, оның шешу жолдарын қарастыру болып табылады.
Жоба аясында ауыл тұрғындарымен бірлесіп 70 шақырым каналдар тазалаудан өткізілді, тозығы жеткен 133 электр бағаналары ауыстырылды, 36 трансформатор сырланып, қоршалды, 7 шақырымды құрайтын 11 көшеге демеушілер есебінен тас төселді, 27 сенбілік өткізіліп, 4200-ге жуық шырша, жеміс, декоративті ағаштар егілді.
Биылғы жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазан аралығында елімізде халық санағы өткені белгілі. Санақ процессі жұмыстарын жүргізу үшін ауданда 38 нұсқаушылық санақ учаскелері құрылып, 318 адам жұмысқа тартылды. Бүгінгі таңда аудан халқының 45% онлайн санақтан өтті.