Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Карантин талаптарын сақтау әлі де бақылауда

Карантин талаптарын сақтау әлі де бақылауда

Сайрам ауданында «COVID”-ке қарсы күрекс бір сәтке де тоқтаған емес. Аурудың алды алу, халық арасында кең таралып кетпеуіне жағдай жасау тұрғысынан түрлі іс-шаралар жобасы түзілген. Содан да болса керек, ауданда инфекцияның кең таралмауынан елдің еңсесі биік. Еңбек өнімді.

Аудан бойынша жыл басынан бері 900-ге жуық азамат КВИ ауруына, 1019 азамат пневмония ауруына шалдығып, оның 189-ы ем қабылдауда, 1702 адам жазылып шықты, 14 адам қайтыс болды. Аудан бойынша инфекциялық госпитальде 190 төсек орын қарастырылған. Аудан бойынша «COVID” инфекциясына қарсы 84787 адам вакциналанды. 10 егу пункттері ұйымдастырылған, 30 дәрігер мен 60 орта медициналық қызметкерлерден тұратын егу бригадалары құрылды.

Ауданда енгізілген карантиндік режим кезіндегі жүргізілген рейдтік іс шаралар нәтижесінде, карантин режимін бұзған тұлғаларға 468 хаттама толтырылып, 28 млн.теңгеден астам айыппұл салынды.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика