Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Басты жаңалықтар » Карантинге қарамастан көрсеткіштердің өсімі сақталды

Карантинге қарамастан көрсеткіштердің өсімі сақталды

Сайрам ауданы әкімінің орынбасарлары Бахытбек Сембекұлы, Шухратулла Азаттуллаұлы, Мадияр Мұхтарұлы қатысқан алқалы жиында ауданның соңғы 9 айдағы салалар бойынша қол жеткізген табыстары сараланды. Журалистер алдында есеп берген спикерлер өздері жетекшілік ететін сала бойынша есеп берді.
Белгілі болғанындай Сайрам ауданының 2021 жылдың 9 айының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысымен экономикалық дамуды сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі 138,5 млрд.теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім +4,6%-ды құрады. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын кәсіпкерлік және құрылыс салаларындағы көрсеткіштердің өсімі сақталды.
Карантин режимі болса да шаруа тоқтаған жоқ. Биылғы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығында 82 млрд.теңгеге жуық өнім өндірілді, көктемгі егіс жұмыстарының өз мерзімінде жүргізілуі нәтижесінде, былтырғы жылға қарағанда 890 млн.теңгеге артық өнім алынды. Ауданымыздың үлесі облыс көлемінде 13%-ды құрап, 2 орынға тұрақтады.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика