Сайрам ауданының өмегімен 2019-2020 жылдары Түркістан қаласында №22 мектептің маңын абаттандырылып, стрит воркаут спорт алаңшасы салынды. Тұтқабаев, Ахан сері, Мырзақметов, Баян батыр,1-ші көше, Шекті Тілеу батыр, Сырым батыр, Едіге батыр, Сырым батыр, Қабанбай батыр, Жібек жолы көшелерінің бойына ағаш көшеттері, газон егіліп, суғару жүйелері жүргізілді.

Жібек жолы, Ахан сері көшелері бойындағы қураған ағаш көшеттерінің орнына 1365 дана қылқан жапырақты, 300 қарағаш көшеттерін егу, аяқ жол салу, газон егу, 3,5 шақырымдық бордюр салу жоспарланып отыр.
Түркістан өңіріне арнайы барған аудан әкімі аталған жұмыстардың барысын көріп қайтты. Ең бастысы, жұмыстың сапалы болуын нақтылап, жауаптыларға тиісті тапсырмаларын берді. Сайрам ауданына бекітілген көріктендіру, абаттандыру жұмыстары жоғары деңгейде атқарылуы тиіс екендігін пысықтады.