Сайрам ауданында 1-11 сыныптарда білім алып жүрген жалпы 61 мыңнан астам оқушы бар. Олардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы үшін ауданда білім беру саласына жіті назар аударылған.
Мысал, 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқыту форматында 1-11 сыныптар аралығында жалпы көп балалы және жағдайы төмен отбасыдағы оқушылар 2055 компьютер техникасымен қамтамасыз етілсе, осал топтағы оқушылар 877 планшет,477 компьютермен 3488 ноутбуктермен қамтамасыз етілді.
Өткен оқу жылында 73 бітіруші «Алтын белгі», 106 түлек «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Аудан бойынша ҰБТ-ны 1669 оқушы тапсырса, оның ішінде 135 оқушы 100 баллдан жоғары жинады.
2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында оқушылар мектеп партасына оралып, дәстүрлі оқуға көшті. Жаңа оқу жылы қарсаңында барлық білім беру ұйымдары дезинфекциялық құралдарымен қамтамасыз етілді.