Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Мінбер » Сайрам ауданында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына жалпы құны 4,4 млрд.теңгелік 33 жоба қатысқан

Сайрам ауданында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына жалпы құны 4,4 млрд.теңгелік 33 жоба қатысқан

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША САЙЛАУ АЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОЛ КАРТАСЫНЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
2021 жылғы 16 ақпан күні «Nur Otan» партиясы Түркістан облысы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасын талқылау бойынша «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мәжілісіне қатысқан болатынмын
Жиында Түркістан өңірінде «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасын талқылап. Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев аталған жол картасында аймақтағы ең өзекті мәселелер мен жоспарлар қамтылғанын атап өтті. Партияның Түркістан облысына арналған 5 жылдық жол картасында елдің ұсыныс-тілектері ескерілген. «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасына сәйкес, облыста ауыл шаруашылығы, туризм, инвестиция тарту, аймақтарды өркендету, денсаулық сақтау, білім, инфрақұрылым, құрылыс салаларын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу бағыттарына басымдық берілген.
Сайлау алды бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған жол картасындағы 35 тармағына жауапты болып бекітіліп, яғни қарапайым заттар экономикасы мен үнемдеу бағдарламасы таурларды өндіретін кәсіпорындармен бірлесе жұмыстар жүргізіп, өз тарапымнан тиісті қолдау көрсетіп келемін.
Бүгінде өзім сайланған Сайрам ауданында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына жалпы құны 4,4 млрд.теңгелік 33 жоба қатысқан, оның ішінде 30 жоба 2,25 млрд.теңгеге нақты қаржыланған. Қаржыланған жобалардың ішінде төмендегі ауқымды жобалар тұрақты өнім өндіруде:
«Nurym Group» ЖШС «10 мың мал басына арналған бордақылау фермасы, мал сою алаңы, ет өңдеу цехы» жобасына 1618,3 млн теңге, «ЖК Абдукадиров Н». «Құрамажем зауытының құрылысы» жобасы – 211,0 млн.теңге көлемінде, «Көмеш Балық» ЖШС-ның «Балық шаруашылығын дамыту» жобасына1049,1 млн.теңге, «Компания Натур Продукт» ЖШС «Сүт өнімдерін өндіретін зауытына» 200,0 млн.теңге көлемінде, «Қарабұлақ ауылындағы . Низамхан мектебінің құрылысы» жобасына 600,0 млн.теңге көлемінде, ЖК Сарсенова З. Темір бұйымдарын шығаратын цехына 18 млн.теңгенің несиесі рәсімделіп, қолдау білдірілді.
Динара ЕГАМБЕРДИЕВА
аудандық мәслихат депутаты.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика