Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, салауатты өмір салттын қалыптастыру мақсатында «СПОРТ – БІЗДІ БІРІКТІРЕДІ» тақырыбында спорттың 9 түрінен Сайрам ауданы аумағындағы колледжаралық спартакиада бастау алды.

Гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде өткен жарысқа 50-ден астам студент спорттың үстел теннисі, шахмат, дойбы (шашка) түрлерінен сынға түсті.
Тартысты өткен турнирде орындар төмендегіше болды:
Үстел теннисі:
І орын: А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі;
ІІ орын: Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі;
ІІІ орын: Е.Сарманов атындағы гуманитарлық агроэкономикалық колледжі.
Шахмат:
І орын: ОҚ индустриялды-инновациялық колледжі;
ІІ орын: Ақсукент гуманитарлық техникалық колледжі;
ІІІ орын: Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі.
Дойбы (шашка):
І орын: А.Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі;
ІІ орын: Ақсукент гуманитарлық техникалық колледжі;
ІІІ орын: Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжі. 

P.S. Аталған спартакиаданың бір ерекшелігі барлық спорттық жарыстар командалық есеп бойынша жүлдегерлер анықталады. Яғни жоғарыда атап өткендей 9 спорт түрі аяқталған соң, жеңімпаздар жеке-жеке марапатталады және командалық есепте І, ІІ, ІІІ орын алған колледж ұжымы анықталады.
Сондай-ақ келесі аптада студенттер волейбол спорты бойынша алаңға шығады. Ары қарай Киберспорт, тоғызқұмалақ, асық ату, ләңгі тебу, кіші футболдан жарыстар жалғасын таппақ.